«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне діни ғимараттарда экскурсия ұйымдастырылды

Жарияланған уақыты: 20.04.2018

19 сәуір күні   Тлендиева, 9 мекен-жайы бойынша орналасқан Рим-Католик шіркеуінде жалпы білім беретін мектептердегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне діни ғимараттарда экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсияға біліктілігін арттыру курстарына қатп жүрген Тілебалды Ж.Қ., Тайшигашева А.Ж., Канагатова А.И., Бисенкулов А.А., Самитова Ж.У., Батанова Д.М., Субаналиева Ж.М., Рахимбаева Э.Б., Кавдунова Г.А., Кайракбаева Ж.Б., Қоймуратова Д.Т., Шарипова К.А., Алджамбаев Д.Р. Лесова Г.К., Ракымбекова Н.К., Кабылбаев Н.Е., Жумабекова А.А. қатысты.

Экскурсияны шіркеу қараушысы Лука Байно жүргізді. Экскурсияны өткізу барысында Лука Байно мұғалімдерге католик шіркеуінің тарихын, христиан бағыттарының бөліну оқиғасын баяндап берді. Сонымен қатар, шіркеу ішін аралатып, католик бағытының салт-дәстүрлерін түсіндіріп өтті. Шіркеу қараушысы Қазақстан Республикасы мен Рим-Католик шіркеуінің қарым-қатынасының зайырлы және оның саясатқа араласпайтындығын да айтып өтті.

Осы күні мұғалімдер Бекетова, 12 мекен-жайында орналасқан  Евангель хрситиан-баптистер шіркеуі «Голгофаны» да көріп шықты. Ол жерде бас пресвитер А.В. Лубошников келушілерді шіркеумен таныстырып, басқа шіркеулерден айырмашылықтарын түсіндіріп өтті.

Ал 20 сәуір мұғалімдер Алматы қаласының орталық мешітіне барып, ислам дінінің тыныс-тіршілігімен танысып өтті.

Осындай діни ғимараттардағы экскурсиялар алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Мұндай экскурсиялар Дін істері жөніндегі Басқармасының тапсырысымен Алматы қаласы Ішкі саясат Басқармасының “Мониторинг және талдау” орталығы  іске асыруда.