«Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне арналған біліктілігін арттыру курстарының екінші тобының дәрістері басталды

Жарияланған уақыты: 26.04.2018

25 сәуір күні  Қалдаяқова, 62 А мекен-жайы бойынша орналасқан Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар орталығында жалпы білім беретін мектептердегі «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдеріне арналған біліктілігін арттыру курстарының екінші тобының дәрістері басталды.

Ең алғашқы дәрісте зайырлылық ұғымы, зайырлы Қазақстан Республикасының дін саласындағы саясаты, дін мен мемлекет қарым-қатынасы, Қазақстанның дін жөніндегі заңнамасы, «Дінтану» пәнін жалпы білім беретін орта мекьептерде оқытудағы өзекті сұрақтар мен мәселелер, оның әдістері қарастырылды. Дәріс соңында әдеттегідей дәрісші мен курсқа қатысушылар арасында пікір алмасу болды.

Дәрісті дінтану саласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, философия ғылымдарының докторы  Борбасова Қарлығаш Молдағалиевна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, философия ғылымдарының докторы  Бейсенов Бағдат Қабылдаевич, Нұр-Мүбарак Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Дүйсебаева Альбина Курахбаевна, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы, юриспруденция магистранты Избасова Асель Борановна сияқты озық оқытушылар жүргізеді.

Бұл курстар осы жылдың 5 мамырына дейін жалғасады және Дін істері Басқармасының тапсырысымен Ішкі саясат басқармасының «Сараптау және мониторинг орталығының» тапсырысымен іске асырылуда.