«Төле би» мешітіндегі шара туралы.

Жарияланған уақыты: 24.09.2018

2018 жылдың 21 қыркүйек күні Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Тастақ ықшам ауданында орналасқан    «Төле би» мешітінің жамағатына Қазақстан Республикасының Дін саласындағы саясаты, зайырлы мемлекеттің қағидалары туралы Қазақсатан Республикасында тиым салынған діндердің қоғамға келтіретін зардабы туралы,  шет елдерге теологиялық білім алу  үшін барудың еш қажеттігі жоқ екендігі туралы егер керек болған жағдайда теологиялық білімді Алматыда алуға болатындығы туралы және тағы да басқа өзекті мәселелер бойынша тиісті ақпараттар берілді.

Атаулы ақпараттық шара Алматы қаласының ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұғалімі, философия ғылымдарының докторы, доцент Бейсенов Бағдат Кабылдаұлы,

теолог, «Үшқоңыр» медрессе-коледжінің ұстазы, дінтану магистрі Бердимурат Бекболат,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мұғалімі, заң ғылымдарының Phd докторы Жанібеков Ақынқожа Қаленұлы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ұстазы, дінтану магистрі Абдуллаев Нуржан Кыдыралиевич, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ақпараттық-талдау бөлімінің басшысы Қабылбеков Самат Еримаұлы, Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының маниторинг және талдау орталығы директорының орынбасары, социолг Айекешов Нұрболат Таниевич,  және Алматы қаласы ішкі саясат басқармасының маниторинг және талдау орталығы мамандарының қатысуымен өтті. Шарада 3000-нан астам адам қамтылып, ақпараттық парақшалар таратылды.

Түсіндіру жұмыстары нәтижесінде жиынға қатысушылар тарапынан өткізілген іс-шараға қанағаттанғандарын білдіріп, бұдан кейінгі уақыттарда да осындай шаралардың білім ошақтарында да, мешіттерде де,  жиі  өткізіліп тұруына ұсыныстар жасады.

Жұма намаз оқылғаннан кейін жоғарыда көрсетілген ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріп қызықты және тартысты сұхбат жасады.

Сұхбат барысында, мектеп қабырғасындағы оқушылардың орамал мәселесі, намазханалардың жабылуы, жұма күндері полиция қызметкерлері неге мешіттің жанында жол ережесінің сақталуын күшейтіп жіберетіндігі тағыда басқа күнделікті кездесетін мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

Қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп сұрақ иелері қанағаттандырылды.