Пресс-релиз

Жарияланған уақыты: 08.06.2018

Дін мәселелері жөніндегі республикалық топ Алматы қаласында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Ағымдағы жылдың 4-6 маусым күндері Дін мәселелері жөніндегі республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Алматы қаласында бірқатар профилактикалық шаралар өткізді.

Топ құрамында білікті теологтар, дінтанушылар, психологтар, мемлекеттік органдардың, ғылыми, сарапшылық қоғамдастықтардың және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері жұмыс істейді.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының өкілдері қала мешіттерінің жамағатымен кездесті.

Сонымен бір мезгілде қаланың дін тұтынатын әйел тұрғындарының арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Айталық, теологтар және дінтанушылардың қатысуымен қайырымдылық мекемелерінің тәрбиеленушілері, базарлардың, сауда үйлерінің әкімшілігі мен сатушыларымен кездесулер өткізілді.
ондай-ақ деструктивті діни ағымдарды ұстанатын адамдармен және олардың отбасы мүшелерімен атаулы, жеке кездесулер жүргізілді.

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының аясында әйел жамағаты өкілдері үшін психологиялық - дін танушылық консультациялар ұйымдастырылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметшілері үшін семинар ұйымдастырылды, сондай-ақ қаланың түзеу мекемелерінде діни экстремизм және терроризм үшін сотталғандармен кездесулер болды.

Жалпы профилактикалық және жеке кездесулер барысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері дін саласын реттейтін қолданыстағы заңнамаларға енгізілетін түзетулер мен өзгерістерді түсіндіруге ерекше назар аударды.











v