Пресс-релиз

Жарияланған уақыты: 30.03.2018

Елімізде жұмыс істеп келе жатқан мыңдаған үкіметтік емес ұйымдар бар. Солардың ішінде бөліп айтарлық және айрықша міндетті көздеген «Уақып» қоры. «Уақып» қоры заманның талабынан туындаған ұйым. Қордың қызметі - дәстүрлі рухани-моральдық құндылықтарды дамытуға, мемлекеттің зайырлы негіздерін нығайтуға және дінді деструктивті мақсатта қолдануға жол бермеуге, сонымен қатар, діни мазмұндағы ғимараттар және әлеуметтік нысандар құрылысын бірлесіп салуға және діни ұйымдардың қызметкерлеріне қолдау көрсетуге, олардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

Діннің атын жамылып, елдің тыныштығын бұзғысы келетіндер көбейген уақытта, «Уақып» қорының қызметіне қолдау көрсету аса маңызды деп білеміз.
Осы орайда, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы еліміздегі дін саласындағы маңызды бастамаларды қолдайтындығын және барша қазақстандықтарды «Уақып» қорын қолдап, демеп отыруға шақырады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, әрқайсымыз кішкене болса да үлесімізді шын ниетпен қоссақ, біршама өзекті мәселелердің шешімін табуға болады.