№ 2 балалар үйіндегі кездесу

Жарияланған уақыты: 06.06.2018

6 маусым күні № 2 балалар үйінде  “Діни экстремизм және терроризмнің алдын алу шаралары” атты іс-шара өткізілген болатын. Мониторинг және анализ орталығы аталмыш шараның ұйымдастырылуымен өткізілуін қамтамасыз етті. Кездесудің лекторы болған Кеңесбаева Айша – АТТ мүшесі, өзінің қызметін білікті атқарды, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берілді. Айтылып отырған шара – сұxбат түрінде өтті. Шараға қатысушылардың саны  – 15 адам.
Діни экстремизм мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайларына зиянын тигізеді, сонымен қоса адам өміріне қауіп төндіретіні сөзсіз. Ал, дін адамзаттың асыл игі- мұраттарын, рухани, адамгершілік құндылықтары мен мол мұрасын қабылдаудың ең тиімді тәсілі ретінде қызмет етіп келеді. Адам бойындағы барлық ізгі қасиеттерінің қалыптасуы  жолында діннің атқаратын маңызы зор болып табылады. Біз діни құндылықтар жөнінде білмейінше, халықтың мәдени тұтастығын  қалыптастырудағы құндылықтар рөлін, маңызын анықтай алмайтынымыз сөзсіз.


Осыған байланысты елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан 2050 стратегиясы»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын Жолдауында ең маңызды міндеттердің бірі ретінде діни экстремизм және терроризмнің барлық түрлері мен байқалуына қарсы іс-әрекеттер қолдану қажеттілігі  айтылған еді.
Сондықтан шараға қатысушылардың дін жайлы дұрыс көзқарастары мен діни сауаттылығын арттыру мақсатында жүргізілген іс-шара ешкімді бейжай қалдырмайтыны сөзсіз.