«Дін мен дәстүр» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

Жарияланған уақыты: 20.09.2018

Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ағымдағы жылы қазақ халқының дәстүрін, тарихын және мәдени құндылықтарын көпшіліккке «Дін мен дәстүр» жобалық атауымен тарату мақсатында қоғамның әр түрлі топтарына ақпараттық-түсіндіру, ағартушылық іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты қазақ халқының дәстүрінің, тарихының және мәдени құндылықтарының негізгі аспектілерін және деструктивті ағымдар идеяларымен дәстүрлі руханилықтың негіздері ұштаспайтындығын түсіндіру.

Осы орайда, 15 қыркүйекте «Байсат» базарындағы намазханада дінтанушы Асылтай Тасболаттың базардың саудагерлерімен кездесуі өтті. Кездесуде қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын дәріптеп, деструктивті діни ағымдардың теріс идеологиясының қоғам үшін зияны туралы айтты.

Сондай-ақ, 18 қыркүйекте Сапарғали Бегалин атындағы кітапханасы қызметкерлері мен оқырмандарының дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутаймен кездесуі өтті. Кездесу соңында қатысушыларға «Алаш арыстары: ұлттық дәстүр және дін» деректі фильмі көрсетілді