«Дін қатынастары және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру» тақырыбындағы іс-шара

Жарияланған уақыты: 21.09.2018

2018 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан көлік және коммуникациялар академиясында Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Перспектива» Ақпараттық-кеңес беру тобы» ҚҚ ұйымдастыруымен «Діни қатынастар және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шара мақсаты: мегаполис тұрғындарына діни қатынастар саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру қажеттілігін тұрғындармен талқылау.

Іс-шараға академияның 60 білім алушысы қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттің діни мотивацияланған экстремизмге қарсы тұруға бағытталған шараларын күшейтуге бағытталған Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріндегі өзгерістермен байланысты өзекті мәселелер талқыланды.

Іс-шара қатысушаларына дінтану магистрі, PhD докторанты М.Жузей, психологы Р.Мансурова баяндама жасады.

Қатысушылар мен мамандар арасында пікір алмасу жүргізілді. Діни ұйымдар қызметі, олардың мемлекетпен қары-қатынасы, діншіл және дінге сенбейтін адамдардың құқықтары туралы қатысушыларды қызықтырған сұрақтар бойынша түсіндіру жұмысы жүргізіліп, кеңес берілді. Іс-шараға қатысқандардың барлығына қазақ және орыс тілдеріндегі үлестірмелік материалдар таратылды (буклет, презентациялар жазылған CD).