«Дін қатынастары және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру» тақырыбындағы іс-шара

Жарияланған уақыты: 13.06.2018

2018 жылғы 11 маусымда «Москва» сауда ойын-сауық орталығында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында «Перспектива» Ақпараттық-кеңес беру тобы» ҚҚ ұйымдастырған «Дін қатынастары және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру» тақырыбында   іс-шара өткізілді.

Шараның мақсаты: мегаполис тұрғындарына діни қатынастар саласындағы заңнамалар нормаларын түсіндіру және діни экстремизм мен терроризмге қарсы тұру қажеттілігін тұрғындармен талқылау.

Іс-шараға сауда орталығына келушілер қатарынан 30 адам қатысып, дінтанушы-ислам дінін зерттеушілер PhD докторы К. Багашаров, «Перспектива» АКТ ҚҚ психологы Р. Мансурова, жоба жетекшісі Е. Бурова түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға қатысқандардың барлығына қазақ және орыс тілдеріндегі үлестірмелік материалдар таратылды (буклет, презентациялар жазылған CD дискілер).