«Қазақстан - зайырлы мемлекет»

Жарияланған уақыты: 05.10.2018

2018 жылғы 4 қазанда  Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының ғимаратында қалалық Дін істері жөніндегі басқарманың әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақстан - зайырлы мемлекет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ә. Пірәлиев, «Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының басшысы, дөңгелек үстел модераторы К.М. Бишманов, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы ақпараттық-талдау бөлімінің Наурызбай ауданы бойынша бас маманы С.С. Берденов және Наурызбай ауданының мемлекеттік қызметкерлері, білім беру мекемелерінің басшылары, діни бірлестіктердің өкілдері мен аудан мешіттерінің имамдары қатысты. 

Іс-шара барысында К.М. Бишманов, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің философия ғылымдарының докторы Н. Мукан және PHD докторант Н. Абдуллаев баяндама оқыды. Сондай-ақ, «Дәстүр және Ислам діні» атты бейнефильм көрсетілді.

Баяндамашылар өз сөздерінде «мемлекетіміздің зайырлылық сипаты – Қазақстанның тиімді дамуының шарты. Дін саласындағы мемлекеттік саясат конфессияаралық бейбітшілік пен толеранттылықты нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ, Қазақстан дамуының зайырлылық қағидаларының беріктігін қамтамасыз етуде әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық шаралардың рөлі маңызды» - атап өтті.