Алматы қаласы Діни бірлестіктері көшбасшыларының клубының кезекті отырысы өтті

Жарияланған уақыты: 12.05.2018

2017 жылы Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында еркін консультативтік-кеңестік орган болып табылатын Алматы қаласының Діни бірлестіктері көшбасшыларының клубы құрылды және нәтижелі жұмыс жасауда. Клубтың жетекшісі «ҚР лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының президенті Бишманов К.М.

Клубтың мақсаты мемлекеттік-конфессияаралық қатынастардағы өзекті тақырыптарды талқылау үшін діни бірлестіктер басшыларының ай сайынғы жиынын өткізу. Клуб мүшелерінің мүмкін болатын қызмет саласы діни сенім бостандығындағы, қоғамдағы рухани келісімді нығайтудағы және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудегі Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясат мәселесі бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады. Клубтың барлық мүшелері бұл бастаманы қолдады.

Отырыстан соң клубтың мүшелері «Израиль мемлекетінің 70 жылдығына» орай ұйымдастырылған концертке қатысты. қонақ болып қайтты. Концерт барысында қонақтарға құрмет көрсетіліп,

Клубтың атынан Бишманов К.М., Орыс православ шіркеуі Вознесенск соборының діни қызметкері Громов К, Евангельдік христиан-баптистер шіркеуінің аға пресвитері Лубошников А.В. өз ізгі тілектерін білдіріп, Израиль елінің мейрамымен құттықтады.