Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының Кеңес беру және оңалту орталығының жұмысы талқыланды

Жарияланған уақыты: 05.10.2018

Ағымдағы жылғы 4 қазанда Алматы қаласы әкімдігінде қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы А. Есенбековтың төрағалығымен басқарманың жанындағы Кеңес беру және оңалту орталығының (бұдан әрі – Орталық) жұмысы барысын талқылау бойынша жиналыс өтті.

Орталық және оның екі филиалы қаламызда деструктивті діни ағымдардың өкілдерін дәстүрлі ислам бағытына қайтару және оларды оңалту жолында жұмыс жасауда. Оның ішінде Имани гүл филиалы әйелдер жамағатымен жұмыс жүргізеді. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 956 адаммен, сондай-ақ, «Имани гүл» филиалы арқылы әйелдер жамағатымен 22 әңгімелесу өткізілді. Оңалту жұмыстарын жүргізу барысында ДДА ұстанушылардың басым бөлігі шоғырланған базарларда, сауда орындарында өзін-өзі жұмыспен қамтыған, қалаға еліміздің басқа аймақтарынан келіп жұмыс істейтін азаматтармен әңгімелесулер өткізуге басымдық берілуде.

Бұдан басқа, қылмыстық атқару жүйесінің түзету мекемелерінде 104 жеке әңгімелесу және 375 адам қамтылған 17 топтық кездесу өткізілді.

Жиынға Орталықтың басшысы Р. Қайыргелді және теологы Н. Иминов, түзету мекемелерінде жұмыс жүргізетін теологтар және Имани гүл филалының басшысы Ж. Абдурахманова қатысты. Іс-шара кезінде оңалту жұмыстарын жүргізудегі орын алатын қиындықтар, деструктивті діни ағымның өкілдерін оңалтудың тиімді әдістерін қолдану және өзге де бірқатар мәселелер айтылды. Шара соңында басқарма басшысы А. Есенбеков осы бағыттағы жұмысты жалғастыру және нәтижелілігін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.