Басқармасы туралы ереже

Алматы қаласы әкімдігінің

2013 жылғы « ___ » _________ № ___

қаулысымен бекітілді

 

 

«Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» Алматы қаласының аумағында қолданыстағы заңнаманың шеңберінде діни саясат саласындағы үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
  2. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай–ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық–құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы, мемлекеттік тілде жазылған мөрі және мөртаңбалары, бекітілген үлгідегі бланкілері, сондай–ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  4. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» өз атынан азаматтық–құқықтық қатынастарға түседі.
  5. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес оның тиісті өкілеттігі болса, мемлекеттің атынан азаматтық–құқықтық қатынастардың тарапынан іс–қимыл жасауға құқылы.
  6. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарманың басшысы бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Басқарманың орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен жүзеге асырылады.
  12. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынаста болуға тыйым салынады.

            Егер «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері

 

  1. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің пайымы діни қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және Алматы қаласының діни бірлестіктермен тиімді өзара қарым–қатынаста болу болып табылады.
  2. Міндеттері:

1) азаматтардың діни нанымдар бостандығына құқықтарын қалыптастыру және Алматы қаласының діни бiрлестiктерімен тиімді өзара iс–қимылді іске асыруды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

2) азаматтардың діни нанымдар бостандығына құқықтарын және  діни бiрлестiктермен және миссионерлермен қызметін іске асыру саласында болып жатқан үдерістерді  жан–жақты және шынайы зерттеу, жалпылау және талдау;

3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  нормативтік–құқықтық актілер жобаларын әзірлеу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес және Басқармаға Алматы қаласының әкімі жүктеген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

  1. Басқарманың функциялары:

 1) Алматы қаласындағы дiни ахуалды зерделейді және талдау жүргiзеді;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзеді;

3)  діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

4) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы  заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу бойынша құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізеді;

5) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы  заңнамасын  бұзуға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;

6) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық–насихаттау іс–шараларын жүзеге асырады; 

7) азаматтың діни нанымдар бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;   

8) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы  заңнамасын  бұзуға қатысты мәселелерді қарайды;

9) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ресми түсіндірулер береді; 

10) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырады, сондай–ақ діни қызметке байланысты мәселелер бойынша талапкер немесе жауапкер, сондай–ақ үшінші тарап ретінде сотқа қатысады;

11) гендерлік аспектілерді қарайды;

12) заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Басқарманың құқықтары және міндеттері:

1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратып алу;

2) діни бірлестіктер құру және олардың қызметі, сондай–ақ азаматтардың діни нанымдар бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік  құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;

3) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс–қимыл жасау;

4) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар,  дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізу;

5) Алматы қаласының әкіміне Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша  ұсыныстар енгізу;

6) белгіленген тәртіпте Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізу; 

7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

 

  1. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін басшы басқарады, ол «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болады.
  2. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
  3. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс–қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;

2) заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкеріне тәртіптік жазалар тағайындайды;

4) өзінің құзыретінің шегінде бұйрықтар шығарады;

5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;

6) Басқарма қызметкерлері мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызмет тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

7) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы орнында болмаған жағдайда оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның орнын алмастыратын тұлға орындайды.
  2. Басқарманың бірінші басшысы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

 

  1. Басқарманың мүлкі

 

  1. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамамен қарастырылған жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.

«Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптасады.

  1. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өзіне бекітіліп берілген мүлікті және егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе өзіне қаржыландыру жоспары берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгеше әдіспен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.