Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне шағымдану тәртiбi

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 247 кабинет.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе Басқарманың кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қолма-қол және поштамен де келіп түскен шағымдарды тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оның қаралуы тиіс.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым бере алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметтi алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.