Алматы қаласы дiн iстерi жөнiндегi басқармасы

Mobile menu

Діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім беру

Сұрақ: негіздеме-анықтама дегеніміз не?

Жауап: негіздеме-анықтама дегенімізДіни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруға келісу туралы шешім берудіңмақсаты мен қажеттілігі толық түсіндіріліп, сонымен қатар аталған аумақта діни қажеттілігін қанағаттандыруға мұқтаж келушілер саны, үй-жайдан (ғимараттан) үш жүз метр қашықтықта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, білім беру ұйымдары жоқ екендігі көрсетіліп қызмет алушымен толтырылатын құжат түрі.

Сұрақ: негіздеме-анықтамада ақпараттың толық және жалған көрсетілуі мемлекеттік қызмет көсетуден бас тартуға негіз бола аладыма?

Жауап: негіздеме-анықтамада ақпараттың толық және жалған көрсетілуі мемлекеттік қызмет көсетуден бас тартуға негіз бола алады.

 

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы шешім беру

Сұрақ: Қандай мерзім аралығында бекітілген тұрақты үй-жайларды қайта тіркеуден өткізу қажет?

Жауап: Тұрақты үй-жайларды бекіту үшін құжаттар тек Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарынының өзгерген жағдайында ғана қайта тапсырылады  

Сұрақ: Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi

Жауап: құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтiзбелiк 30 (отыз) күн

Сұрақ: негіздеме-анықтама дегеніміз не?

Жауап: негіздеме-анықтама дегеніміз тұрақты үй-жайларды бекітуінің мақсаты мен қажеттілігі толық түсіндіріліп, сонымен қатар сауда, қосалқы, әкімшілік-шаруашылық үй-жайлардың бар-жоғы, саны, сондай ақ, үй-жайдың пайдалану мақсаты діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпаратты, діни мақсаттағы заттарды қабылдауға, сақтауға және сатылымға қоюға әзірлеуге арналғандығы, үй-жайды салу мақсаты, үй-жай орналасқан үйлерден (ғимараттан) үш жүз метр қашықтықта рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелер ғимараттары, білім беру ұйымдары ғимараттары жоқ екендігі көрсетілетіліп қызмет алушымен толтырылатын құжат түрі.