Алматы қаласы дiн iстерi жөнiндегi басқармасы

Mobile menu


2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шара

2017 жылғы 7 қарашада № 157жалпы орта білім беретін мектепте  «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың жалпы тәсілдері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ә. Пралиев, «Әбу-Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының директоры, PhDдокторы А.Ш. Әділбаев, Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері М.Н. Смағұлов, имамдар, аудан директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектептердің «Дінтану» пәнінің мұғалімдері қатысты.

2017 жылғы 7 қарашада № 157жалпы орта білім беретін мектепте  «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың жалпы тәсілдері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Б.Ә. Пралиев, «Әбу-Ханифа» ғылыми зерттеу орталығының директоры, PhDдокторы А.Ш. Әділбаев, Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері М.Н. Смағұлов, имамдар, аудан директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектептердің «Дінтану» пәнінің мұғалімдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» аясында дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың жалпы тәсілдері түсіндірілді. Шараның қатысушылары тарапынан «Дінтану» пәнін оқытудың ерекшеліктері, қоғамда діни қатынастар саласындағы радикалды болып табылатын кез-келген әрекеттерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, жастар арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі туралы, сондай-ақ, дін саласындағы мемлекеттік саясатқа қатысты өзге де өзекті мәселелер талқыланды.