Алматы қаласы дiн iстерi жөнiндегi басқармасы

Mobile menu


«Заман-ай 2» атты қойылым көрсетілді

2017 жылғы 24-25 қазанда Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының аясында Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында жастар мен тұрғындар арасына радикалды діни ағымдардың таралуын алдын алуға бағытталған «Өнер қырандары» театрының «Заман-ай 2» атты (2 сағаттық қойылым, 5 - сеанс) қойылымы көрсетілді.

Іс-шара аясында 8500 адам қамтылды. Көрермендердің басым бөлігін жастар (жоғарғы сынып оқушылары, колледж бен жоғарғы оқу орындары студенттері, әскери институттардың курсанттары), сонымен қатар қаланың тұрғындары мен қонақтары, оқытушылар және имамдар, мешіт жамағаттары, діни білім беретін оқу орындарының студенттері қатысты.