Алматы қаласы дiн iстерi жөнiндегi басқармасы

Mobile menu


2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша іс-шара

2017 жылғы 2 қарашада «Бекет ата» мешітінде «Дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамыту қағидаларының негіздері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, PhD докторы Әкімханов А.Б.,Саясаттану, философия және дінтану институтының ғылыми қызметкерлері Смағұлов М.Н., дінтанушы М.А.Жузей, имамдар және мешіт жамағаты қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында дін саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың негізгі қағидалары, сондай-ақ, 2017-2020 жылдарға арналған дін саласындағы мемлекеттік саясат тұжырымдамасының басты аспектілері түсіндірілді. Орталық Азиядағы дін ілімінің тарихы және даму ерекшеліктері, ханафи мазхабының өңір үшін дәстүрлі тіреуі, қазақстан қоғамының тұтастығы мен бірлігіне діни негіздегі радикалдық және фанатизмдік қауіп сияқты мәселелер көтерілді.

Шара барысындағы дін саласындағы мемлекеттік саясатты талқылауға Бекет Ата мешітінің жамағаты белсенді түрде қатысты. Олар тарапынан қазіргі Қазақстан үшін ханафи мазхабының тарихи маңызы, діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасына қатысты өзекті сұрақтар көтерілді.