Алматы қаласы дiн iстерi жөнiндегi басқармасы

Mobile menu


«Ақпараттық қауіпсіздік және діни-жоспарланған экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында тренинг

2017 жылғы 27 қазанда Тұран университетінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ұйымдастырумен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылайхан атындағы ҚазХҚӘТ, Тұран университеттерінің студенттері үшін «Ақпараттық қауіпсіздік және діни-жоспарланған экстремизмнің алдын-алу» тақырыбында тренинг өткізілді.

Іс-шараны «Білім» оқыту мәдениеті орталығының директоры Иржанов Руслан Самарканович жүргізді. Үш сағаттық тренинг барысында ақпараттық қауіпсіздік шаралары туралы барлық толық және жүйелі ақпарат берілді, сондай-ақ, рухани егемендікті нығайту мақсатында дін саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясаттың негізгі міндеттері баяндалды.

Тренингтің басты мақсаты болашақ журналисттерді БАҚ өкілдерінің экстремизм мен терроризмге қарсы мәселелерді айқындауда мемлекеттік органдар мен БАҚ өзара байланысы, БАҚ арқылы тұрғындар арасында ақпаратты тарату тәсілін қарастыру тәсілімен, сондай-ақ, діни және конфессияаралық тақырыбында дұрыс жариялау жолымен болды.  Іс-шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.