Алматы қаласы дiн iстерi жөнiндегi басқармасы

Mobile menu


Алматы қаласында «Рухани келісім күні» мерекесі салтанатты түрде аталып өтілді

2017 жылғы 18 қазанда Достық үйінде Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен Рухани келісім күні аясында салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы А. Есенбеков, қалалық орталық мешіттің бас имамы Н. Есмағанбет, Вознесенск кафедралды шіркеуінің протоиерейі А. Суворов, діни бірлестіктер көшбасшылары клубының құрамына енетінтүрлі конфессиялардың басшылары мен өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, құрамына дін саласындағы белгілі ғалымдар және теологтар енетін діни экстремиз мен терроризмнің алдын алу бойынша қалалық ақпараттық топ мүшелері, ҮЕҰ, этно мәдени бірлестіктер өкілдері және т.б. қатысты.

Шара барысында басқарма басшысы А. Есенбеков конфессияаралық келісім мен діни толеранттылықты нығайтудағы, тұрғындар арасында бейбітшілік пен татулықты, рухани келісімді насихаттаудағы және дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы, экстремизм мен терроризмнің алдын алудағы белсенді қызметтері үшін діни бірлестіктер көшбасшылары клубы мен қалалық ақпараттық топ мүшелерін қала басшылығының алғыс хаттарымен марапаттады.

Сондай-ақ, кітап көрмесі және концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.