Алматы қаласы дiн iстерi жөнiндегi басқармасы

Mobile menu


БАҚ өкілдері арасында байқау жеңімпаздарын марапаттау өтті

2017 жылғы 17 қазанда Әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінде Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының қолдауымен діни экстремизм мен терроризмнің алдыну алу бойынша БАҚ өкілдері арасында өткізілген конкурстың жеңімпаздарын марапаттау өтті.

Іс-шараға Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы А. Есенбеков, аталған университеттің журналистика факультетінің деканы С. Медеубекұлы, белгілі журналистер және студенттер қатысты.

Конкурс қорытындысы бойынша «Үздік әлеуметтік бейнеролик» аталымында Қазақстан ұлттық телеарнасы, «Үздік телебағдарлама» аталымында Алматы телеарнасынан Айдос Жұқанұлы, «Үздік радио бағдарлама» аталымында «Шалқар» радиосының жетекшісі Болатбек Төлепберген, «Интернет желісіндегі қазақ тіліндегі ең үздік материал» аталымында «Nur kz»сайтынан Арай Аюпова, «Интернет желісіндегі орыс тіліндегі ең үздік материал» аталымында «Bnews.kz» сайтынан Айгүл Мұқанбетова, «Мерзімді басылымдардағы қазақ тіліндегі ең үздік мақала» аталымында «Қазақстан-Заман» газетінен Бауыржан Кәріпов, «Үздік интернет желі» аталымында «www.baribar.kz» сайты, «Әлеуметтік желілердегі ең үздік белсенді қоғамдық топ» аталымында Instagram желісіндегі «Біз терроризмге қарсымыз парақшасы», «Ең белсенді блогер» аталымында  Жолымбет Мәкіш жеңімпаз атанды.

Байқаудың жалпы жүлде қоры 1 млн. теңгені құрады.