Алматы қаласы дiн iстерi жөнiндегi басқармасы

Mobile menu


Рухани келісім күні аясында спорттық іс-шара өтті

2017 жылғы 14 қазанда Нархоз стадионында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен еліміздегі түрлі конфессия өкілдерінің өзара бірлігі мен татулығын сипаттайтын 18 қазан - Рухани келісім күнін мерекелеуге арналған спорттық іс-шара өтті. Мерекелік шараға Алматы қаласы мешіттерінің жамағаты, православтық жəне протестанттық конфессия өкілдері қатысты.

Спорттық іс-шара барысында мини-футболдан, жеңіл атлетикадан, гір көтеруден, арқан тартудан, қол күрестен жəне волейболдан сайыстар өтті.

Осы ретте, мини-футболдан сайысқа қатысқан 11 команданың арасынан I орынды Алматы қаласы Орталық мешітінің Бірлік командасы, II орынды Бақыткелді мешітінің атынан шыққан Бақыткелді командасы, III орынды протестанттық конфессия өкілдерінен құралған Гедион командасы иеленді.

Жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етілді.