Алматы қаласы дiн iстерi жөнiндегi басқармасы

Mobile menu


Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 8- бабының 1 және 5 тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына» орындау мақсатында,Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында басқарма басшысының 2016 жылғы 8шілдедегі № 39 Н/Қ бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ресми (din.almaty.gov.kz) сайтында «Мемлекеттік қызмет имиджі» деген тарау бар екенін жеткіземіз, аталған тарау екі тармақтан тұрады:

         1.Құқықтық актілер :

         Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығы.

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416- V ҚРЗ.

        «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметішілерінің әдептілік нормаларын және мінез – құлық қағидаларының одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығы.Аталмыш бөлімінде басқарма басшысының табыстарыжәне «сыбайлас жемқорлыққа қарсы» заңдары қарастырылған. Мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы оқыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңадан жұмысқа қабылданған қызметкерлермен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын орындау туралы тусіндіру жұмыстары  жүргізілді .

2.Басқарушы құрамының кірістері және мүліктері туралы ақпарат.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы басқарма өзінің қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.

Мемлекеттік органның ережесін қарастыру барысында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі  басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) қызметіне және оларға байланысты Қазақстан Республикасының Заңдарына (2011 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»; 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 «Мемлекеттік мүлік туралы»; 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 «Бұқаралық ақпарат туралы»; 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 «Коммерциялық емес ұйымдар туралы»; 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы2007 жылғы 4 маусымдағы  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы»; 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»; Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 4  желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы»; 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы»; 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»)қатысты 13 қызметіне талдау жасалынды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2016 жылғы 11- ай бойыншабасқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

Басқарманың штат саны 2016 жылғы 11- ай бойынша, жылдың басында 9 бірлікті, соңында –17бірлікті   құрады.

2 бос орын бар:  1 бірлік – басқарма басшысының орынбасары,1 бірлік – бас маманның орыны.

2) мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

3) басқарма 3 мемлекеттікқызметтеркөрсетеді;

4) басқармада мемлекеттік қызметкерге рұқсат береді.

Басқарманың барлық қызметкерлері Қ РБас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған және айыппұлдар салынбаған.

Басқарма мекенжайына заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түскен жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты  теріс  материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зертеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы Басқарманың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.